379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ & Қытай cауда келіссөзі аяқталуға жақын

  • 136
АҚШ & Қытай cауда келіссөзі аяқталуға жақын

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөзі аяқталуға жақын.

Бұл туралы Американың Қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдеді. Оның айтуынша, келісімге кедергі болып келген басты мәселелер шешілген. Енді тараптар шарт орындалмаған жағдайда қолданылатын шараларды талқылауда. Мысалы, Вашингтон келісім бұзылып жатса, тағы баж салығын салуды қалайды. Қытай бұған дейін мұндай шараға қарсылық танытып келген. Айта кетейік, АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы өткен жылдың көктемінде басталған. Оған арадағы сауда балансының тепе-теңсіздігі түрткі болды.

Хабар 24 телеарнасы