379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Рома» футбол командасы ойыншыларына канадалық рэпермен суретке түсуге тыйым салды

  • 95
«Рома» футбол командасы ойыншыларына канадалық рэпермен суретке түсуге тыйым салды prosports.kz

Италиялық «Рома» футбол клубының басшылары команда ойыншыларына рэпер Дрейкпен бірге фотосуретке түсуге тыйым салды, деп хабарлайды prosports.kz.

«Барлық «Рома» ойыншыларына маусымның соңына дейін Дрейкпен суретке түсуге тыйым салынады», - деп жазды клуб Twitter-дегі ресми парақшасында.

Бұған себеп, соңғы кездері канадалық рэпермен суретке түскен футболшылардың командасы ұтыла беретін болды. Мәселен, онымен суретке түскен Санчо («Боруссия»), Агуэро («Манчестер Сити») қатарлы ойыншылардың командасы жеңіліске ұшыраған еді. 

Хабар 24 телеарнасы