376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде қызылша дертін жұқтырғандар саны артып барады

  • 116
  • UPD: 07:10, 17.04.2019
Әлемде қызылша дертін жұқтырғандар саны артып барады

Әлем бойынша қызылша дертіне шалдыққандардың саны 2019 жылдың алғашқы тоқсанында 4 есеге артқан.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінде айтылды. Қаңтар мен наурыз айы арасында жылдам таралатын жұқпалы ауруға 112 мың адам шалдыққан.  Өткен жылдың бірінші тоқсанында бұл дертпен 28 мың адам ауырған болатын.  Яғни биыл инфекциялық вирус өрши түскен. Әсіресе Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия, Грузия, Қырғызстан, Мьянма, Таиланд, Филиппин және Мадагаскар елдерінде ауруға шалдыққандар саны көптеп тіркелуде.

Хабар 24 телеарнасы