379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы қымбаттады

  • 184
  • UPD: 08:54, 17.04.2019
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы қымбаттады

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,56 долларға көтеріліп, 71,86 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,65 долларға арзандап, бір баррелі 64,05 доллар болды.

Хабар 24 телеарнасы