379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливиядағы қақтығыста қаза тапқандар саны артты

  • 63
Ливиядағы қақтығыста қаза тапқандар саны артты

Ливияның Триполи аумағындағы қарулы қақтығыстан қаза тапқандардың саны 174-ке жетті. Оның 14-і бейбіт тұрғын. Тағы 756 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

Халықаралық ұйым тараптарды медициналық мекемелер, дәрігерлер, жедел жәрдем көліктері мен азаматтық инфрақұрылымдарға зақым келтірмеуге шақырды.

Айта кетейік, Ливияда билікке талас жалғасып жатыр. Елдің шығысын парламент пен Ливия Ұлттық әскері басқарады. Ал батыс БҰҰ және ЕО қолдауымен құрылған Фаиз Сарадждың ұлттық келісімі бақылауында. Ондағы жағдай 4 сәуір күні ушыға түсті. Ливия Ұлттық әскерінің қолбасшысы Халифа Хафтар өз әскеріне Триполиді басып алу бұйрығын берген. Сарадж болса, ел астанасын қалайда қорғап қалуға тырысып жатыр. Қазір Триполи маңында соғыс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы