379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда қатты нөсерден 39 адам көз жұмды

  • 87
Пәкістанда қатты нөсерден 39 адам көз жұмды

Пәкістанның Пенджаб, Белуджистан, Хайбер-Пахтунхва елді мекендерінде қатты нөсерден 39 адам көз жұмды. Тағы 135 тұрғын жарақаттанған. Бұл туралы табиғи апат салдарын қалыпқа келтіру ұлттық басқармасы хабарлады.

Бұған дейін жауын араласқан құмды дауылдан Карачи өңірінде 25 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Басқарманың ақпарына сай, табиғи апаттан 80 үй зақымданған. Фейсалабад қаласында тұрғындар жарықсыз қалған.

Айта кетейік, жексенбі күні Карачи қаласы мен Пәкістанның оңтүстігінде қатты дауыл басталған еді. Салдарынан шаһарда ағаштар құлап, электр сымдары үзілген. Бүгінде жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы