387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырады

  • 258
  • UPD: 09:18, 18.04.2019
Португалияда саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырады RT

Португалияның Мадейра аралында саяхатшылар мінген автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты.

Тағы 22 жолаушы жарақат алды. Опат болғандардың арасында 17 әйел бар. Оғиға Канису мекенінің маңында жергілікті уақытпен кешкі сағат алтылар шамасында орын алды. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізуші қиылыста көлікті басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Оқиға кезінде автобуста 55 жолаушы болған. Олардың барлығы дерлік Германия азаматы деген ақпар бар. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы