386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда жай түсіп, 4 адам зардап шекті

  • 360
Грекияда жай түсіп, 4 адам зардап шекті

Афинаның ең көрікті жері болып саналатын Акропольда жай түсіп, 4 адам жарақат алды.

Олардың арасында саяхатшылар да бар. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетіп, алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Ақпарат көздері Акропольдың апта соңына дейін жабылғанын хабарлайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері де аймақта жауын жауып, күн күркірейді.

Гианнис Маврикопулос, күзет басшысы:

– Бірнеше рет найзағай жарқылдады. Қарауыл отыратын орын зақымдалды. Соңғы 37 жылда бұндай құбылысты алғаш рет байқап отырмын.

Хабар 24 телеарнасы