378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу басталды

  • 318
Оңтүстік Кореяда жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу басталды

Оңтүстік Кореяда бүкіл елді елең еткізген жантүршігерлік қылмыс бойынша тергеу басталды.

Жуырда 42 жастағы ер адам Чинджу қаласындағы тұрғын үйлердің бірін өртеп жіберіп, ізінше жалыннан қашып шыққандарға пышақпен шабуыл жасаған. Қанпезердің қолынан 5 адам қаза тапты. Оның қатарында 12 жастағы қыз да бар. Тағы 6 тұрғын ауруханаға түскен. Қылмыскер бүгінде темір торға қамалды. Ол жауап алу кезінде жағдайы төмен отбасыларға берілетін мемлекеттік көмектің уақытылы берілмегені үшін ашуланып, осындай қылмысқа барғанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы