378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда парламенттік сайлауға 900 млн адам қатыспақ

  • 156
Үндістанда парламенттік сайлауға 900 млн адам қатыспақ

Үндістанда парламенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды.

Сайлау учаскелері елдің 13 штатында ашылды. Саяси додада 1629 кандидат бақ сынап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл тарихтағы ең ауқымды парламенттік сайлау болмақ. Себебі мемлекет бойынша 900 миллион адам өз таңдауын жасап, дауыс беруге құқылы. Және толық үдеріс жеті кезеңге созылады. Қорытынды нәтиже мамыр айында белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы