379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда шерушілер Хитроу әуежайының жұмысына кедергі келтірмек

  • 160
  • UPD: 11:29, 19.04.2019
Лондонда шерушілер Хитроу әуежайының жұмысына кедергі келтірмек

Лондонда климаттың өзгеруіне қарсы шеру өткізіп жатқан табиғат қорғаушылары Хитроу әуежайына жолды жауып тастайтынын айтып сес көрсетті.

Осыған байланысты жергілікті билік шұғыл шаралар қабылдауда. Айта кетейік, Ұлыбритания астанасында климаттың өзгеруіне қарсы шерулер дүйсенбіден бері жалғасып келеді. Наразылық акциясынан соңғы екі күнінде 12 миллион фунт стерлинг шығын келген. Шаһар орталығындағы дүкендердің кірісі 25 пайызға төмендеп, тауар жеткізу қиындаған. Шерушілердің жолдарды бөгеуіне тұрғындар да наразы. Полиция бүгінге дейін тәртіпсіздік жасаған 428 адамды қамады. 

Хабар 24 телеарнасы