379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия үкіметі тұрғындардың ломбардқа тәуелділігіне алаңдап отыр

  • 133
Грузия үкіметі тұрғындардың ломбардқа тәуелділігіне алаңдап отыр

Грузияда қаржы жүйесі қатаң бақылауға алынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтің мұндай қадамға баруына халықтың ломбардқа тәуелді болып, қарызға белшеден батуы түрткі болған.

Осы уақытқа дейін Грузияда ломбард ашу жеңіл болатын. Лицензия қажет емес еді. Бұл кәсіптің түрі тек салық кодексімен реттелген. Бірақ биыл қаңтар айынан бастап жаңа заң қабылданып, жағдай өзгерді.

Леван Джавахишвили, ломбард қожайыны:

– Жаңа тәртіп көпшлікке, оның ішінде шағын қаржы ұйымдары мен влюта айырбастау орындарына да әсер етті. Талаптар әсіресе ломбард иелеріне қиын соғуда. Мүлікті кепілге алатын орындардың жауапкершілігі күшейді. Көптеген ломбард жабылды. Бірақ мұндай орындар қажет. Себебі халықтың кей топтары оларға мұқтаж.

Осыдан бір жыл бұрын Грузияда 1 мың ломбард жұмыс істеген. Олардың жартысынан көбі Тбилисде орналасқан. Биліктің жаңа тәртіп енгізуіне осындай орындардың көбейіп, азаматтардың қарызға белшеден батуы түрткі болған.

Ани Алибегашвили, «Қоғам және банктер» ұйымының банктік өнімдер бойынша сарапшысы:

– Үкімет азаматтардың ломбардқа тәуелді болуына алаңдаулы. Кепілге жалғыз үйлерін қойып, баспанасынан айырылып қалған оқиғалар жиілеген. Сондықтан биыл қаңтар айында осы кәсіппен айналысу үшін лицензия енгізіліп, оны тіркеуге 10 мың лари салық алынатын болды. Ал олардың иелері өз қызметі туралы Салық органы мен Ұлттық банкке есеп беріп отыруы тиіс.

Жаңа заңға сәйкес ломбардқа баспананы кепілге қоюға тыйым салынған. Алдағы уақытта көлікке де осындай шектеу енгізілмек. Сарапшылар бұл ломбардтардың жұмысына кедергі келтіреді. Бірақ мүлдем жойылып кетеді деуге келмес дейді.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы