378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің 45 елінде 7 млн-ға жуық сириялық босқын жүр

  • 179
Әлемнің 45 елінде 7 млн-ға жуық сириялық босқын жүр

Сирияға соңғы бірнеше күнде Ливан мен Иорданиядан 1 мың 200-ден астам босқын оралды.

Бұл туралы Ресейдің соғысушы тараптарды татуластыру және босқындарды қадағалау орталығы хабарлады. Олардың арасында әйелдер мен балалар көп. Осы ретте үкімет қазір басты міндеттердің бірі инфрақұрылымды қалпына келтіру және адамдарды жұмыс орынымен қамтамасыз ету екенін айтады. Ал БҰҰ дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда әлемнің 45 елінде 6 миллион 700 мың сириялық босқын бар екен. Ал өткен жылы 194 мың сириялық отанына оралған. Халықаралық ұйым өкілдері, Сирияның солтүстік-шығысындағы босқындар лагеріндегі балалардың жағдайына да алаңдаушылық білдіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы