378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шенген визасын алу тәртібі жеңілдетілді

  • 162
Шенген визасын алу тәртібі жеңілдетілді

Еуропарламент Еуроодақтың жаңа визалық кодексін бекітті. Бұл құжат Одаққа кірмейтін елдердің азаматтарына виза алу тәртібін жеңілдетеді.

Жаңа ереже бойынша, визаға өтінішті жарты жыл бұрын тапсыруға болады. Тек теңізшілерге ғана 9 ай бұрын арыз беру қарастырылған. Сондай-ақ визалық алым 60 еуродан сексенге дейін өсті. 18 жасқа дейінгі балаларға қосымша жеңілдіктер бар. Бұрынғыдай студенттер мен ғалымдар визалық алым төлеуден босатылды. 

Айта кетейік, соңғы жылдары Шенген аймағына келушілер 50% артқан.

Хабар 24 телеарнасы