377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей - Солтүстік Корея саммиті Владивостокта өтуі мүмкін

  • 166
  • UPD: 10:45, 20.04.2019
Ресей - Солтүстік Корея саммиті Владивостокта өтуі мүмкін info.sibnet.ru

Ресей-Солтүстік Корея саммиті Владивосток қаласында өтуі мүмкін.

Десе де, билік өкілдері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында шара өтетін қаланы нақты атамай, әзірге құпия сақтап отыр. Ресми Кремльдің мәлімдеуінше, Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын президент Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін елге осы сәуір айында келеді. Бұл Ким билікке келгелі Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы алғашқы саммит болмақ. Айта кетейік, Ким Чен Ынның Ресейге сапары АҚШ әкімшілігімен арадағы келіспеушіліктерден кейін жарияланды. Бұған дейін Ханойда өткен Дональд Трамп пен Ким Чен Ынның кездесуі сәтсіз аяқталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы