379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Триполиге талас: құрбандар саны 200-ге жетті

  • 160
  • UPD: 12:53, 20.04.2019
Триполиге талас: құрбандар саны 200-ге жетті ru.tsn.ua

Ливияның астанасы Триполиге талас жалғасып жатыр.

Соңғы күндері тіпті адам көп шоғырланған аудандарға әуе соққысы жасалуда. Соғыс салдарынан қаза тапқандар саны 200-ге жетті. Тағы 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. Сәуір айының басынан бері өңірден 25 мың адам баспанасын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болды. Айта кетейік, Ливияда билікке талас жалғасып жатыр. Елдің шығысын парламент пен Ливия ұлттық әскері басқарады. Ал батыс БҰҰ және ЕО қолдауымен құрылған Фаиз Сарадждың ұлттық келісімі бақылауында. Ондағы жағдай 4 сәуір күні ушыға түсті. Ливия Ұлттық әскерінің қолбасшысы Халифа Хафтар өз әскеріне Триполиді басып алуға бұйрық берген. Сарадж ел астанасын қалайда қорғап қалуға тырысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы