388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде экс-президенттің жерлеу рәсіміне бара жатқан автобус апатқа ұшырады

  • 417
Перуде экс-президенттің жерлеу рәсіміне бара жатқан автобус апатқа ұшырады

Перуде экс-президент Алан Гарсияның жерлеуіне бара жатқан автобус апатқа ұшырап, 8 адам опат болды.

Тағы 49 жолаушы жарақат алды. Олардың алтауының халі мүшкіл. Оқиға ел астанасы Лимадан 150 шақырым жерде болған. Автобус көпір үстімен өтіп бара жатып, оның шетіндегі бөгетті соққан. Алдын ала тергеуге қарағанда жүргізуші қалғып кетіп, көлікті басқара алмай қалған. Еске сала кетейік, Перудің экс-президенті Алан Гарсия өткен сәрсенбі күні полиция тұтқындамақ болғанда өзін-өзі атып, жарақатынан ауруханада көз жұмды. Оған бразилиялық құрылыс компаниясынан 100 мың доллар пара алды деп айып тағылған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы