379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Африкада шіркеу құлап, 13 адам ажал құшты

  • 172
Оңтүстік Африкада шіркеу құлап, 13 адам ажал құшты

Оңтүстік Африка Республикасының шығысында шіркеу құлап, 13 адам қаза тапты.

Тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды. Оқиға Пасха мерекесіне орай адамдар көп жиналып, дұға оқып жатқан сәтте болған. Полиция апаттың аймақта бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбырдан болғанын хабарлады. Себебі нөсерден ғимараттың тірегі бүлінген. Қазір жапа шеккендерге дәрігерлік көмек көрсетіліп, оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы