Ауғанстан астанасында Коммуникация және ақпараттық технология министрлігіне шабуыл жасалды.
Лаңкестер жарылыс жасап, қарулы күштермен қақтығысқан. Жергілікті ақпарат құралдарының хаабрлауынша, шабуылшылар үшеу. Олардың бірі өзін өзі жарып жіберген. Қалған екеуі ғимаратқа еніп, бой тасалаған. Әзірге бұл лаңкестік әрекеттен бейбіт тұрғындардың жапа шеккені туралы ақпарат жоқ. Министрліктің маңы қоршауға алынып, арнайы операция жүріп жатыр.