378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда 5 адамды піл басып өлтірді

  • 214
  • UPD: 22:58, 20.04.2019
Үндістанда 5 адамды піл басып өлтірді

Үндістанның Орисса штатында күтпеген жерден қайғылы оқиға болды.

Мұнда піл жануары жер үйдің алдындағы төбесі жабық сәкіде ұйықтап жатқан 3 адамға тарпа бас салған. Шабуылдан олардың үшеуі де көз жұмды. Артынша сол маңайда тағы бір әйел осы пілдің құрбаны болып, қаза тапқан. Мұнысымен тоқтау көрмеген алып жануар штаттағы тағы бір елді мекенге барып, бесінші адамның ажалына себепкер болды.

Hindu

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы