378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия тамақ қалдықтарымен күресудің тиімді жолын тапты

  • 152
Австралия тамақ қалдықтарымен күресудің тиімді жолын тапты

Австралиядағы Виктория штатының билігі тамақ қалдықтарымен күресудің тиімді жолын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мельбурн қаласында қоқысты өңдеп, биогаз алатын зауыт іске қосылды. Өндіріс ошағы жылына 33 мың тонна қалдықты қабылдап, олардан 750 мың үйді электр энергиясымен қамтамасыз ететін биоотын жасап шығарады. Ал биліктің мұндай өндірісті ашуына 2018 жылы Қытайдың сапасы төмен қоқыстарды қабылдаудан бас тартуы себеп болған. Қоғамда бұл үлкен пікірталас туғызып, билік тығырықтан шығудың түрлі жолын іздеген. Алдағы уақытта мұндай зауыттардың санын арттыру көзделіп отыр.

Пэт Маккаферти, Yarra valley water компаниясының атқарушы директоры:

– Виктория штатында біз жылына 2 миллион тонна тамақ қалдықтарын өңдейміз. Келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Себебі тамақ қалдықтарынан басқа да қоқыстарды өңдеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы