378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада президенттік сайлаудың екінші туры басталды

  • 173
Украинада президенттік сайлаудың екінші туры басталды obozrevatel.com

Украинада 30 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылған.

Олар таңғы сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Додаға бірінші кезеңде азаматтардың көп дауысын жинаған шоумен әртіс Владимир Зеленский мен қазіргі президент Петр Порошенко түсуде. Жалпы сарапшылар сайлаудың екінші кезеңіне азаматтардың қатысу белсенділігі жоғары болады деп болжап отыр. Ал жергілікті заң бойынша екінші турда сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат жеңімпаз атанады. Сайлаудың алғашқы қорытындысы ертең белгілі болуы тиіс. Бірақ жеңімпаздың аты ресми түрде мамырдың 1-і күні жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы