378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «сары жейделілер» ереуілінен полицейлер жарақаттанды

  • 88
Францияда «сары жейделілер» ереуілінен полицейлер жарақаттанды dw.com

Францияда «сары жейделілер» тағы наразылық шеруін өткізді.

Осымен жиырма үшінші рет ұйымдастырылған шараға бүкіл ел аумағында 30 мыңға жуық адам қатысты.

Бұл жолғы акциялар да полициямен қақтығысқа ұласып, тәртіпсіздіктер орын алды. Салдарынан 14 полицей жарақаттанып, 182 адам қамауға алынды. Парижде «сары жейделілер» бірнеше көлік пен скутерлерге от қойды. Олар сондай-ақ әдеттегідей президент Эммануэль Макронның биліктен кетуін талап етумен қатар Джулиан Ассанджды босатуды сұрады. Кей шерушілер ауқатты адамдардың Нотр-Дамды қалпына келтіруге ірі көлемде қаржы бөліп жатқандарына ашуларын жасырмады. Полиция радикалдарды тыныштандыру үшін бірнеше рет көзді жасаурататын газ қолданды.

Хабар 24 телеарнасы