378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада коменданттық сағат жарияланды

  • 154
  • UPD: 17:19, 21.04.2019
Шри-Ланкада коменданттық сағат жарияланды

Шри-Ланкада бірінен соң бірі сегіз рет болған жарылыстан соң билік коменданттық сағат жариялады.

Сондай-ақ мұнда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қолжетімсіз етіліп, тұсау салынды.

Билік 22-23 сәуір күндерін демалыс деп жариялап, шіркеулерде дінбасылар Пасхаға орай қызметтерін атқармайтын болды.

Қазіргі уақытта жарылыс құрбанының саны 185 адамға жеткен.

Бұл туралы Sky News хабарлайды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы