378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда суға құлап кеткен адамға көмектеспек болған екі құтқарушы қаза тапты

  • 113
Австралияда суға құлап кеткен адамға көмектеспек болған екі құтқарушы қаза тапты

Австралияда суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде 2 құтқарушы мерт болды.

Оқиға Виктория штатындағы мұхит жағалауында болған. Фотограф жарқабақтан әсем табиғатты суретке түсіріп жатқан сәтте қатты толқын соғып, суға құлап түседі. Құтқарушылар жақындай бергенде толқын тағы көтеріліп, олардың қайықтарын жартасқа соғады. Қайықтағы екі адам суға батып кетті. Үшінші құтқарушы мен фотограф жағаға шығарылды. Марқұмдар құтқарушы болып жұмыс істеген әкесі мен баласы екен.

Хабар 24 телеарнасы