377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада жүздеген үй су астында қалды

  • 118
Канадада жүздеген үй су астында қалды

Канаданың Квебек пен Нью-Браунсвик провинциясында өзендер арнасынан асып, жүздеген үй су астында қалды.

Бір әйел қаза тапты. Оның көлігі тасқыннан жолда пайда болған жыраға түсіп кеткен. Аймақта табиғи апаттан қорғану үшін түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Оған әскерилер де жұмылдырыла бастады. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде. Жергілікті билік адамдарға барынша абай болып, кей мекендерде шұғыл эвакуациялау жүргізілуі мүмкін екенін ескертуде.

Хабар 24 телеарнасы