378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкадағы жарылыстарға қатысы бар 13 күдікті қамауға алынды

  • 281
Шри-Ланкадағы жарылыстарға қатысы бар 13 күдікті қамауға алынды www.aa.com.tr

Шри-Ланкадағы бірнеше шіркеу мен қонақ үйде болған жарылыстарға қатысы бар 13 күдікті қамауға алынды.

Оларды ұстау операциясы барысында 3 тәртіп сақшысы қаза тапты. Жергілікті билік оқиғаны лаңкестік деп таныды. Әзірге террорлық әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Естеріңізге салайық, аралда барлығы 8 жарылыс болды. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақ үйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Теракт салдарынан қаза тапқандар саны 262-ге жетті. Тағы 452-ге жуығы жарақат алды. Олардың көбі ауыр халде жатыр. Мерт болғандардың ішінде 35 адам – Ұлыбритания, Нидерланд, Португалия, Түркия, Үндістан мен Қытай азаматтары. Қазір елде коменданттық сағат енгізілді. Жергілікті билік жалған ақпарат таралмау мақсатында әлеуметтік желілерге шектеу қойды. Аймақтағы әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Айта кетейік, жарылыстар Пасха мерекесіне орай адамдардың шіркеуге көп жиналған кезінде жасалған. Рим Папасы Франциск Шри-Ланкадағы лаңкестікті қатаң сынға алды.

Хабар 24 телеарнасы