379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияда лай көшкінінен 19 адам қаза тапты

  • 171
Колумбияда лай көшкінінен 19 адам қаза тапты

Колумбияның оңтүстік-батысында лай көшкінінен қаза тапқандар саны 19-ға жетті.

Бұған дейін 14 адамның мерт болғаны хабарланған. Росас қаласында табиғат апатынан тағы 5 адам жарақат алған. Аймақтағы тасжолдарда көлік қатынасы тежелді. Лай көшкіні 8 баспананы басып қалған. Апат болған жерде құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ел президенті Иван Дуке апаттан ажал құшқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Хабар 24 телеарнасы