378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкадағы лаңкестіктен қаза тапқандардың саны 290-ға жетті

  • 204
Шри-Ланкадағы лаңкестіктен қаза тапқандардың саны 290-ға жетті Vesti.Ru

Шри-Ланкада бірнеше жарылыстан қаза тапқандардың саны 290-ға жетті.

Оқиғаға қатысы бар деген 24 күдікті абақтыға қамалды. Жарақат алған 400-ден астам адам дәрігерлердің жіті бақылауында. Естеріңізге салайық, кеше аралда барлығы 8 жарылыс болды. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақүйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған.  Мерт болғандардың ішінде 35 адам Ұлыбритания, Нидерланд, Португалия, Түркия, Үндістан мен Қытай азаматтары. Қазір елде коменданттық сағат енгізілді. Жергілікті билік жалған ақпарат таралмау мақсатында әлеуметтік желілерге шектеу қойды. Аймақтағы әуежайда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әзірге террорлық әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы