379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болды

  • 279
  • UPD: 10:09, 23.04.2019

Филиппин Республикасының орталығында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геология қызметі хабарлады.

Ел астанасы Манила қаласындағы барлық кеңсе қызметкерлерлерін сыртқа шығарылып, эвакуациялап жатыр. Жер сілкінісінің ошағы Маниланың солтүстік-батысынан 60 шақырым жерде 40 шақырым тереңдікте тіркелген. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Филиппин сейсмикалық белсенді аумақта орналасқан мемлекеттердің қатарында.

Хабар 24 телеарнасы