379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириялық босқындар еліне оралды

  • 233
  • UPD: 23:12, 22.04.2019
Сириялық босқындар еліне оралды

Сирияға Иордания мен Ливаннан бір тәулікте 1 мың 203 босқын оралды. Бұл туралы ресейлік тараптарды татуластыру және босқындар көшіп-қонуын бақылау орталығының ақпараттық бюллетенінде айтылды.

Қайтып келген босқындардың 361-і әйел және 614-і бала. Одан бөлек орталықтың хабарлауынша, Сирия инженерлік бөлімшелері бір күн ішінде Деръа мен Дамаск елді мекендеріндегі 3 гектар аумақты минадан тазартқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде 29 жарылғыш табылып, жойылды.

Хабар 24 телеарнасы