378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкадағы жантүршігерлік оқиға әлемді дүр сілкінтті

  • 198
  • UPD: 21:40, 22.04.2019

Дәл діни мереке күнінде бейбіт халықтың қырғынға ұшырауы жаһан жұртының қабырғасын қайыстырды. Суыт хабар жетісімен, Рим папасы Франциск  Шри-Ланка халқына қайғырып, көңіл айтты. 

Франциск, Рим Папасы:

- Пасха күні осындай зұлымдықтың орын алғанын ауыр күйзеліспен қабылдадым. Ғибадатханаға Құдайға сыйынуға жиылған жұртты аяусыз қырып-жою аса ауыр қылмыс. Шри-Ланкадағы христиан қауымына қайғырып көңіл айтамын. Қаза тапқандарға дұғамды бағыштап, Құдайдан жарақат алғандардың сауығуын тілеймін.

Жер-жерлерде қаралы рәсімдер ұйымдастырылып жатыр. Индиядағы буддистер, Ауғанстан мен Пәкістандағы мұсылмандар бірігіп, қаза тапқандардың рухына арнап дұғаларын бағыштауда. Әлемдік көшбасшылар да Шри-Ланка жұртына көңіл айтып, жеделхаттарын жолдады. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант британдықтардың Шри-Ланка халқына көмегін аямайтынын жеткізді.

Джереми Хант, Ұлыбритания сыртқы істер министрі:

- Христиандарға қарсы ұйымдастырылатын шабуылдар көбейіп барады. Былтыр үш мың адамның өлімі тіркелді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, бұл екі есеге артық. Осы мәселеге көңіл аударылмай келген еді.  Сондықтан, сыртқы істер кеңсесінің атынан Труро епископынан тәуелсіз зерттеу жүргізуді сұрадық. Осылайша, Ұлыбритания әлемдегі христиандардың құқығын қорғауға септігін тигізуге тырысады.

Хабар 24 телеарнасы