378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкадағы терактілер: Ұйымдастырушылардың мақсаты - діни алауыздық

  • 182
  • UPD: 21:49, 22.04.2019

Бейбіт күнде Шри-Ланканың берекесін қашырған лаңкестер кім? Олардың көздегені не? Жарылыстар не себепті христиандардың діни мерекесі кезінде жасалды?

Осы сауалдарға жауап табу үшін алдымен Шри-Ланканың құрылымына үңілсек. Бүгінде бұл елде 22 млн адам өмір сүреді. Оның басым бөлігі, яғни, 70,2 проценті буддизмді ұстанады.  Ислам жолындағы азаматтардың үлесі 9,7,  ал христиан дініндегі халық 7,6 процент. Елдің 13,6 проценті индуизм жолындағылар. Діннің индуизм бағытын ұстанатындар жайлы айта кетсек. Олар арғы тегі үнді немесе ежелгі цейлондықтардың Тамил ұлысынан. 1970 жылдары дәл осы ұлыстан сепаратистер шыққан еді. Ол кезде халықтың 22 процент ұлесін құраған олар, ұлтараздық негізде қақтығыстар ұйымдастырып, елдің басым бөлігін жайлаған сингалдарға қарсы шыққан. Үкіметтік әскер мен тамилдер арасындағы соғыс 30 жылға созылып, 2009 жылы аяқталды. Осыны ескерген кей сарапшылар, лаңкестік әрекетті тамилдер  ұйымдастыруы мүмкін дегенді айтады. Экстремизмді зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың директоры Анн Спекхардың пікірінше, бұған  жиһадшылар жолын қуған Ұлттық Тувхит Жамағат ұйымының қатысы бар.

Анн Спекхард, экстремизмді зерттеу жөніндегі халықаралық орталықтың директоры:

- Ұлттық Тувхит Жамағат ұйымы төңкеріс жасауды көздеп отырған жоқ. Олар жиһадшылар қозғалысының Шри-Ланкада етек жайып, қоғамда үрей туғызғанын қалайды. Осылайша, кектенген ұйым елді діни алауыздық жайлағанын мақсат етіп отыр.

Әзірге 8 жарылысты кім ұйымдастырғаны белгісіз. Соңғы түске мәліметтерге сәйкес, полицейлер Коломбоның автобус стансасын тексеру кезінде 87 бомбаны анықтады. Тәртіп сақшылары қылмыстық оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 24 адам қолға түскен.  Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы