379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда әскери қимылдардан 254 адам қаза тапты

  • 291
  • UPD: 16:11, 23.04.2019
Ливияда әскери қимылдардан 254 адам қаза тапты

Ливиядағы Халифа Хафтар армиясының әскері мен Ұлттық келісім үкіметі арасындағы қақтығыс салдарынан 254 адам қаза тауып, бір мың екі жүзден астамы жарақат алған.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Триполи аумағында сәуірдің 4-і күні басталған ұрыс салдарынан 32 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Естеріңізге салайық, Ливияда билікке талас әлі де жалғасып жатыр. Елдің шығысын парламент пен Халифа Хафтар армиясының әскері  басқарады. Ал батысы БҰҰ және ЕО қолдауымен құрылған Фаиз Сарадждың ұлттық келісімінің бақылауында. Сәуір айының басында Халифа Хафтар өз әскеріне Триполиді басып алу бұйрығын берген болатын. Ал Сарадж болса, ел астанасын қалайда қорғап қалуға тырысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы