379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада теракт салдарынан қаза тапқандар саны артты

  • 194
  • UPD: 16:32, 23.04.2019
Шри-Ланкада теракт салдарынан қаза тапқандар саны артты

Шри-Ланкадағы лаңкестік әрекет салдарынан көз жұмғандардың саны 320-ға жетті.

480 адам жарақат алған. Бүгін қайғылы оқиғада опат болғандарды жерлеу рәсімі өтті. Шри-Ланка билігі қаза тапқандардың отбасыларына 6 мың доллар көлемінде өтемақы төлейтін болады. Естеріңізге сала кетсек, жексенбі күні содырлар бір мезетте ғибадатхалалар мен қонақүйлерде алты жарылыс ұйымдастырған. Бірнеше сағаттан соң Коломбо қаласының маңында тағы екі  рет шабуыл жасалды. Жантүршігерлік қылмысқа «Джамаат ат-Таухид аль-Ватания» радикалды тобы жауапты. Мәлім болғандай, содырлардың қатарында көп адам болған. Қазір 40 адам қолға түскен. Оқиғаға байланысты сәуірдің 23-іне бастап Шри-Ланкада төтенше жағдай жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы