378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбиядағы лай көшкіні тұрғындарды әбігерге салды

  • 80
Колумбиядағы лай көшкіні тұрғындарды әбігерге салды

Колумбиядағы лай көшкіні тұрғындарды әбден әбігерге салды. Салдарынан елдің оңтүстік-батысында 33 адам ажал құшты.  Олардың 20-сы Росас муниципалитетінде мерт болды.

Табиғат апатынан аймақта көлік жол қатынасы тежелді. АҚШ пен Канаданы Латын Америка елдерімен байланыстыратын тас жолдарды лай басып қалған.

Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Мамандардың айтуынша, жауын-шашын маусым айына дейін жалғасуы мүмкін. Жергілікті билік тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы