378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда Ұлттық егемендік және балалар мерекесі атап өтілді

  • 167
  • UPD: 22:48, 23.04.2019
Түркияда Ұлттық егемендік және балалар мерекесі атап өтілді

23 сәуір Түркияда Ұлттық егемендік және балалар мерекесі. Анадолы жерінде Бұл күннің басты қаһармандары балалар.

Атаулы күнде елдің мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен жоғарғы лауазымды тұлғалар бір сәтке болса да өз орындарын өскелең ұрпаққа табыстап, бүлдіршіндерге уақытша жауапкершілік жүктейді. Өз кезегінде балалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оған жауап алады. 23 сәуір мерекесінің мәні осында. Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрік осылай аманат етіп кеткен. «Балалар болашағымыздың кепілі, өміріміздің мәні. Бүгінгі ұрпақты, ертеңгі күннің егесі ретінде тәрбиелеу әрбіріміздің борышымыз» деген Ататүрік, түрік жұртына үлкен сенім артып, 23 сәуір мерекесін сый еткен.

Памук Йамен, Түркия азаматы:

- 23 сәуір ұлттық егемендігіміздің қабылданған күні және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің ресми түрде жұмысты бастаған күні. Осындай керемет күнді бізге тарту еткен ұлы көсеміміз Мұстафа Кемал Ататүрікке алғысымыз шексіз.

Эфе Кемал, Түркия азаматы:

-  Бұл күнді жақсы көремін. Себебі бүгін демалыс. Ата-анамыз бізді қалаған жерімізге апарады.

Хабар 24 телеарнасы