378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Триполи маңындағы әскери қимылдардан 254 адам қаза тапқан

  • 138
Триполи маңындағы әскери қимылдардан 254 адам қаза тапқан The Kiev Times

Ливияда генерал Халифа Хафтар әскері Триполидегі Фаиз Сарадждің Ұлттық келісім үкіметіне қарсы екінші шабуылды бастады.

Бұған дейін 100 мыңдық күш Триполиді ала алмай, алғашқы жорық сәтсіз аяқталған еді. Ал соңғы ақпарға қарағанда Триполи маңындағы әскери қимылдардан 254 адам қаза тауып, 1 мыңнан астамы жарақат алған. 32 мың тұрғын босқынға айналды. Сарапшылар қақтығыс Еуропаға мұнай тасымалдауға кедергі келтіріп, кәрі құрлыққа ағылған мигранттардың қарасы көбейеді» деп отыр. Бірақ Ливия астанасы үшін шайқас өткен дүйсенбіден бері қайта күшейді. Себебі АҚШ Президенті Дональд Трамп генерал Хафтармен телефон арқылы сөйлесіп, оған қолдауын білдіргендей сыңай танытқан.

Хабар 24 телеарнасы