379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиланд халқы корольді таққа отырғызу рәсіміне дайындалуда

  • 105
Таиланд халқы корольді таққа отырғызу рәсіміне дайындалуда

Таиландта корольді таққа отырғызу рәсімінің дайындықтары жүріп жатыр.

Король Рама Х-тың билік тізгінін 2016 жылы алғанына қарамастан, салтанатты шара тек биылғы жылдың көктеміне белгіленген еді. Осыған орай Будданың Зүбаржат сарайында жаңа корольдің толық есімі мен лауазымын алтын маңдайшаға жазу рәсімі өтті. Сонымен бірге корольдің жұлдызнамашылары құрған жорамал да алтын тақтайға жазылды. Салтанатты рәсім кезінде монархтың баянды өмір сүруін тілеп, монахтар арнайы мантра-дұғаларын оқыды. Ал корольдің басына тәж тағып, таққа отырғызу салтанаты мамырдың 4-6 аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, тақ мұрагері Рама Х әкесі 2016 жылы өмірден өткеннен кейін билік басына келген болатын. Патшаның отбасы қара жамылғандықтан, салтанатты шара екі жылға кейінге қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы