378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Африкада лай көшкінінен 21 адам ажал құшты

  • 201
  • UPD: 14:46, 24.04.2019
Оңтүстік Африкада лай көшкінінен 21 адам ажал құшты

Оңтүстік Африка Республикасының шығыс өңірі табиғат апатынан зардап шекті.

Аймақта бірнеше күн жауған жауын-шашын салдарынан су тасқыны басталып, лай көшкіні жүрді. Салдарынан 21 адам мерт болды. Одан бөлек 30-дан астам тұрғын түрлі жарақат алды. Аймақта құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр. Ауа райын болжаушылар елдің шығысында жауын әлі де жауады деп болжам жасайды.

Хабар 24 телеарнасы