378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысыр президенті 2030 жылға дейін мемлекет басшысы бола алады

  • 125
  • UPD: 14:14, 24.04.2019
Мысыр президенті 2030 жылға дейін мемлекет басшысы бола алады

Мысыр президенті Абдул-Фаттах ас-Сиси 2030 жылға дейін мемлекет басшысы болып қала алады.

Бұл туралы осы елдің Орталық сайлау комитеті жалпыұлттық референдумнан кейін мәлімдеді. Еске сала кетейік, Мысыр халқы өткен аптада президент өкілеттігін 4 жылдан 6 жылға дейін созуды дауысқа салды. Халық талқысына 12 конституциялық өзгерту ұсынылып, оларды сайлаушылардың 89 пайызы қолдады. Ал Абдул-Фаттах ас-Сиси Мысырдағы билік басына 2014 жылы келіп, өткен жылы қайта сайланған. Оның мәлімдеуінше, бұл өзгерістер елдегі әлеуметтік-экономикалық реформаны жалғастыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы