389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада мигрант мәселесі шешілмей тұр

  • 205
  • UPD: 22:24, 24.04.2019
Мексикада мигрант мәселесі шешілмей тұр

Елдің ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 300 мыңға жуық заңсыз мигрант Латын Америка елдерінен шығып, АҚШ аумағына өтпек болған.

Олардың үштен бірі кәмелет жасқа толмағандар. Естеріңізге салайық, кірмелердің нөпірі өткен жылдың соңынан бастап құрама штаттарына ағыла бастады. Жақсы өмірді арман еткендердің қатарында көбінесе Гондурас, Сальвадор, Гватемала мен Куба тұрғындары. Ақ үй басшысы Дональд Трамп болса, мигранттар керуенін қайтсе де елге кіргізбеуге бекініп отыр.

Хабар 24 телеарнасы