378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Поль Синьяктың ұрланған туындысы Францияға қайтарылды

  • 119
  • UPD: 09:57, 25.04.2019
Поль Синьяктың ұрланған туындысы Францияға қайтарылды

Украина суретші Поль Синьяктың ұрланған картинасын Францияға қайтарып берді.

«Порт Ла-Рошель» туындысы былтыр мамыр айында Нанси қаласындағы музейден қолды болып кеткен еді. 1915 жылы салынған картинаның құны 1,5 миллион еуроны құрайды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, өнер туындысы Киев зергері Сергей Киселевтің өліміне қатысты күдіктілердің үйін тінту кезінде табылған.  Сарапшылар оның түпнұсқа екенін анықтаған соң, Францияға қайтып беру туралы шешім қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы