389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда 18 адам ажал құшты

  • 383
  • UPD: 13:21, 25.04.2019
Сирияда 18 адам ажал құшты

Сирияның солтүстігіндегі Идлиб провинциясында жойқын жарылыс болып, 18 адам ажал құшты.

Тағы 40 тұрғын түрлі жарақат алды. Мамандар қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Жойқын жарылыстан жақын маңдағы ғимараттар опырылып қалған. Әзірге жарылыстың себебі анықталған жоқ. Ал елдің оңтүстігіндегі Дараа провинциясындағы жарылыстан екі бала қаза тапты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мина жерге қазылған. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы