379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «Кеннет» тропикалық дауылы соқты

  • 166
  • UPD: 13:34, 25.04.2019
Францияда «Кеннет» тропикалық дауылы соқты

Францияның Майотта аралына Кеннет сұрапыл циклоны соқты.

Долы дауылмен бірге нөсер жауын жауды. Мұхит толқыны бірнеше метрге дейін көтерілген. Жергілікті билік тұрғындарды уақытша баспанаға эвакуациялауға кірісті. Синоптиктердің болжамы бойынша, долы дауыл Мозамбикке қарай бет алды.

Естеріңізге салайық, жуырда ғана Мозамбиктің Бейра портты қаласы Идай циклонынан есеңгіреп қалған болатын. Табиғат апатынан жүздеген адам қаза тапты. Енді мамандар Кеннет тропикалық циклонынан Кабо-Дельгадо мен Ниасса провинцияларында 682 мың 500 адамға қауіп төніп тұрғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы