379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ босқындарға қарсы өшпенділікке алаңдап отыр

  • 205
БҰҰ босқындарға қарсы өшпенділікке алаңдап отыр

БҰҰ-ның босқындар бойынша Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди мигранттар мен келімсектерге қарсы өшпенділіктің күшеюіне алаңдаулы.

Оның айтуынша, соңғы кездері бұл саясаткерлердің сөздері мен бұқаралық ақпарат құралдарынан және әлеуметтік желілерде жиі байқалады. Филиппо Гранди Қауіпсіздік кеңесі мүшелерін босқындар дағдарысын шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырған. Бүгінде соғыс пен жанжалдан бас сауғалап қашқан 70 миллион адам босып жүр. БҰҰ босқындар істері басқармасы және миграция бойынша халықаралық ұйым оларға барынша жәрдем беруде. Алайда миллиондаған адамды толықтай көмекпен қамту қиынға соғып тұр.

Филиппо Гранди, БҰҰ босқындар бойынша жоғарғы комиссары:

– Мен 30 жылдан аса босқындар істерімен айналысып жүрмін. Қызметім барысында талай рет адамдардың мейірімділігін, тіпті қаһармандығын да көрдім. Қазірде осындай ынтымақтастық бар, түрлі елдерге барғанда, бұған көзім жетті. Алайда осыған дейін ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және саясаткерлердің сөздерінде босқындар мен мигранттарға қарсы бағытталған өшпенділік пен қастастықты көрген емеспін.

Хабар 24 телеарнасы