378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда әскери кеңес пен оппозиция келісімге келді

  • 204
Суданда әскери кеңес пен оппозиция келісімге келді

Суданда әскери кеңес пен оппозиция даулы мәселелерді шешу үшін бірлескен комитет құратын болды.

Тараптар мұндай келісімге президент сарайында өткен кездесуде қол жеткізді. Басқосуда елді басқару мәселесі талқыланып, демократиялық жүйе құру жолдары қарастырылған. Айта кетейік, Суданда сәуірдің 11-і күні әскери төңкеріс болып, елді 30 жыл бастаған президент Омар әл-Башир биліктен кетірілді. Бірақ халық әскерилерден демократиялық үкімет құруды талап етіп, наразылық шарасын жалғастырған еді. Сөйтіп әскерилер бірнеше күн бұрын оппозициямен азаматтық үкімет құру бойынша келіссөзді бастаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы