378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран үкіметі валютаның атауын өзгертпек

  • 212
  • UPD: 17:42, 25.04.2019

Иран үкіметі ұлттық валютасының деноминациясын өткізуге ниетті.

Риалды бірден 4 нөлінен айыратын түрі бар. Билік өкілдері ақша жүйесін түбегейлі өзгертуді көздеп отыр. Тіпті валютаның атауы да енді басқаша болуы мүмкін.

Иран валютасының ресми атауы – риал. Алайда халық көбіне ескі ақша – туманның атауын қолданады. Осыдан шетелдік туристер жиі шатасады. Енді Иран үкіметі ресми атауды көпшілік пайдаланатын туманға ауыстырмақ. Сондай-ақ валютаның соңғы 4 нөлі алып тасталатын болды. Енді адамдар жүз мың риалды 10 туманға айырбастайды. Халық та қаржылық реформаны қолдап отыр. Өйткені олар банкноттардағы нөлдердің көптігінен жаңылысып, әбден жалығып кеткен.

Марьям Шокрани, экономикалық шолушы:

– Сарапшылардың пікірінше, артық нөлдерін алып тастау азаматтардың ыңғайлығы үшін ұсынылып отыр. Ал туман – жұрт үйренген атау. Әлемде артық нөлдерді алып тастау тәжірибесі бар. Кейбір елдерге бұл оң әсер етсе, басқа біреулерінде бұл айтарлықтай жағдайды өзгерткен жоқ. Үкіметіміз бұл шара елдегі инфляцияны азайтуға көмектеседі деп санайды.

Қаржы мамандары нөлдерді жою инфляция деңгейіне әсер етпейтініне сенімді. Қысқа мерзімде ақша бағамы ауытқуы мүмкін, бірақ уақыт өте валюта тұрақталады дейді.

Наджмоддин Ахманд, экономист:

– Ақшадан 4 нөлді алып тастау инфляция деңгейінің қадағалауын жеңілдетеді. Қазіргі саяси мен экономикалық жағдайды және елімізге қарсы санкциялар қабылданғанын ескерсек, қаржы реформасын жүргізуге уақыт қажет. Білікті мамандар осы мәселені талқылап, өз шешімін қабылдауы тиіс. Туманның атауы реалға ауысқанына қанша заман өткенімен, тұрғындарымыз оған әлі де үйрене алмады.

Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, Иранда 8 миллиардтан астам банкнот бар. Әр адамға шаққанда бұл 114 данадан келеді. Салыстырып көрсек, Еуропадағы бұл көрсеткіш – 12 парақ. Ақша басу да үнемделіп, шетелдік инвесторлар үшін де Иран валютасының тартымдылығы өсе түседі.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша және Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы