378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық конференцияда атышулы террорлық топ мәселесі қаралды

  • 219
  • UPD: 10:24, 26.04.2019

Былтырғыдай бұл жолы да Сирия шиеленісі сөз болды. Бірақ биыл жағдайды тұрақтандыру мен елді қалпына келтіруге басымдық берілді.

Әскери сарапшылар түгелдей дерлік талқандалған Ирак пен Левант лаңкестік тобының салдарын талқыға салды.

Сергей Шойгу, РФ Қорғаныс министрі:

- Сирия бойынша айтар болса, ең алдымен инфрақұрылым мен экономиканы қалпына келтіріп, гуманитарлық мәселені шешу керек. Әйтпесе, босқындарды кері қайтарып, ел ішіндегі саяси диалогты жандандыра алмасымыз анық. Ал былай жарты жылда 200 мыңдай Сирия азаматы туған жеріне оралды.

Конференцияда талқыланатын өткір мәселелер ішінде - зымырандардан қорғану, теңіздегі қауіпсіздік, кибершабуыл мен ғарышқа қатысты сауалдар болды. Осы жерде ғарышқа қару шығармау туралы Ресей мен Қытай арасындағы Келісім жобасын айтпай кетуге болмайды. Әйтсе де бәріне ортақ басты мәселе халықаралық терроризмге қарсы күрес. Себебі сарапшылар Таяу Шығыста талқандалған лаңкестер Африка мен Азия елдеріне бет алғанын ескертіп отыр. Олардың есебінше қазір әлемде 200-ге жуық террорлық топ әрекет етіп жүр.

Владимир Норов, ШЫҰ Бас хатшысы:

- Халықаралық лаңкестікке қарсы күреске жұмылған бүкіл мемлекеттер бірыңғай жаһандық антитеррорлық майданды құру бойынша жүмысын үдетуі керек. Мұнда бас үйлестіруші рөлді БҰҰ-ның атқарғаны жөн. 

Сөйтіп, Ресей басшылығы лаңкестікке қарсы күрес жүргізу үшін күш біріктіруге шақырып отыр. Конференция мақсаты да сол еді, бәріне қолайлы боларлықтай шешімдерді бірлесіп табу.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы