378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путин «Бір белдеу, бір жол» жобасына қолдау танытуға шақырды

  • 182
  • UPD: 13:40, 26.04.2019

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы оған қатысушы елдерге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл жөнінде Бейжіңде өтіп жатқан екінші экономикалық ынтымақтастық форумында Қытай Халық Республикасның төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді. Оның айтуынша, Қытай тек экспортты ғана емес, импортты да арттырып, елдер арасында бәсекеге қабілеттілікті күшейтуді көздейді. Ал Ресей президенті Владимир Путин «Бір белдеу, бір жол» жобасына қолдау танытып, басқа елдерді де оған белсенді қатысуға шақырды.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Еуразиялық экономикалық одақ кез келген елмен тығыз қарым-қатынас орнатуға дайын. Оның ішінде дәл осы Қытаймен арадағы байланыстың әлеуеті зор деп ойлаймын. Сондықытан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы оған қатысушы елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстың нығабына серпін береріне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы